01.10.2026
📚 «Кітапханамен танысу» танымдық экскурсиясы
«Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 1-сынып оқушылары үшін «Кітапханамен танысу» атты танымдық экскурсия өткізілді.
🎯 Мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектеп кітапханасымен, кітапхана мен кітаптарды пайдалану ережелерімен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Оқушылар кітапханашымен, кітап қорымен және кітапханадағы тәртіп ережелерімен танысты. Балаларға кітапты қалай дұрыс таңдау, алу және қайтару керектігі, сондай-ақ кітаптарды ұқыпты ұстау туралы түсіндірілді.
📖 Оқушылар түрлі-түсті балалар кітаптарын қызығушылықпен қарап, ертегі кейіпкерлерімен танысты.
Экскурсия соңында әрбір бірінші сынып оқушысына ізгі тілектер жазылған және кітапты ұқыпты ұстау керектігін еске салатын әдемі кітап бетбелгілері сыйға тартылды. 🎁📚
✨ Іс-шара қызықты әрі танымды өтіп, балалардың кітапханаға жиі барып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды.

