"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

2026 жылғы 16 қазанда «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ерекше қуаныш пен толқынысқа толы «Бесінші сынып оқушылары қатарына қабылдау» мерекесі өтті.

18.10.2026

2026 жылғы 16 қазанда «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ерекше қуаныш пен толқынысқа толы «Бесінші сынып оқушылары қатарына қабылдау» мерекесі өтті.
Бұл күн 5-сынып оқушылары үшін мектеп өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен есте қалды. Бастауыш мектеппен, алғашқы ұстаздарымен және үйреншікті сынып бөлмесімен қоштасқан оқушылар енді жаңа пәндерді меңгеріп, әртүрлі мұғалімдерден білім алып, мектеп өмірінің қызықты сәттеріне толы жаңа белестерді бағындырмақ.
Бесінші сынып оқушыларын осы маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға оқуда табыс, биік жетістіктер, жарқын әсерлер мен жаңа достар тілейміз! Мектеп өмірі қызықты оқиғаларға, тың жаңалықтар мен ұмытылмас сәттерге толы болсын!

Просмотров: 112


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст