Текст
12.10.2026
12 қазанда «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
1–4 сынып оқушылары үшін еңбекқорлыққа тәрбиелеу және түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында «Еңбек адамы. Еңбекті неге құрметтеу керек?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
5–8 сынып оқушылары Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған экосағатқа қатысып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы талқылады.
9–11 сынып оқушылары үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және қоғамдық меншікке құрметпен қарауға бағытталған «Қоғамдық мүлікті қорға» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

