Текст
18.10.2026
Мектеп кітапханасында белгілі қазақ жазушысы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сайын Мұратбеков — сырлы сөздің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге жазушының кітаптары, өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, сондай-ақ туған жердің сұлулығын, мейірімділік пен адамгершілікті, қарапайым адамдардың рухани әлемін бейнелейтін шығармалары қойылды.
Көрменің мақсаты — оқушыларды жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

